29 сәу, 2020 сағат 12:23

1171 павлодарлық төтенше жағдай режимін бұзған

Павлодар облысында 1171 тұрғын төтенше жағдай режимін бұзған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Коронавирус таралуын болдырмау, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешімімен 2020 жылы 13 сәуірде Павлодар облысында карантиндік режим енгізілді.

Сонымен қатар, төтенше жағдай жариялануына байланысты кейбір нысандардың қызметі тоқтатылды. Тәртіп сақшылары үнемі карантиндік аумақты күзетеді.

Успен ауданының ауылдарының бірінде сағат 17-30-да асхананың жұмыс істеу фактісі анықталды. Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгілеген талаптарды бұзып, адамдардың көп шоғырлануы бар объектілердің қызметін тоқтата тұрғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша 51 жастағы объект иесіне қатысты әкімшілік материал толтырылды. Сот шешімімен ауыл тұрғыны 10 АЕК айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды. 

Облыс тұрғындары төтенше жағдайдың жариялануына байланысты 1 171 режимді бұзған және мемлекеттік орган белгілеген талаптарды сақтамаған. 

Бұзушылар ҚР ӘҚБтК 476 және 478-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 109 адам бес күннен 10 күнге дейін әкімшілік қамауға алынды, 206 облыс тұрғынының әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, 712 адамға ескерту жасалды. Полиция қызметкерлері тұрғындарды денсаулығына мұқият болуға және карантиндік режимдегі азаматтардың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты шектеулерді түсінуге шақырады.