29 мам, 2020 сағат 07:13

124-ші Бостон марафоны виртуалды өтетін болды

Бостон Атлетикалық қауымдастығы (B.A.A.) пандемияға байланысты өтпей қалған 124-ші Бостон марафоны виртуалды ұйымдастырылатынын мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған виртуалды марафон қыркүйектің екінші аптасында өтетін виртуалды жарыстар тізіміне қосылады. 

2020 жылдың 20 сәуірінде өтеді деп жоспарланған марафонға тіркелген барлық қатысушыға жарна толық мөлшерде қайтарылады. Сонымен қатар, 124-ші Бостон марафонына онлайн қатысу ұсынылады. 

Онлайн марафон 7-14 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарлануда.