#
#
Сенбі 28/03/2020

249 адам ауру жұқтырды: Армения төтенше жағдай режимін күшейтті

  • 25.03.2020
  • 0
  • 56

Армения коронавирус жұқтырғандар санының артуына, оның ел аумағындағы географиясының кеңеюіне байланысты төтенше жағдай режимін қатаңдатты. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян азаматтарға үндеуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Премьер-министр Никол Пашинянның мәліметінше, 24 наурыздағы жағдай бойынша Арменияда 249 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ауру жұқтыру географиясы кеңейіп, Ереванды және республикадағы 7 облысты қамтыған. Осыған орай премьер-министр ТЖ режимін қатаңдататынын мәлім етті. 

Оның айтуынша, инфекцияның әрі қарай таралуының алдын алу мақсатында қызметі өмірлік маңызға ие емес кәсіпорындар өз жұмысын тоқтатады. Бұған қоса, азаматтардың еркін жүріп-тұруына, көшеде екі адамнан көп жиналуға шектеу қойылады. Барлық мейрамханалар мен дәмханалардың жұмысы тоқтатылып, көлік жүргізушілеріне тек бір адамды алып жүруге рұқсат етіледі. 

Никол Пашинянның атап өтуінше, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен банктер өз жұмысын жалғастырады. Сағат 10:00-ден бастап 12:00-ге дейін аталған мекемелер 65 жастан асқан азаматтарға ғана қызмет көрсетеді. 

Сонымен қатар, Армения денсаулық сақтау министрі Арсен Торосянның 24 наурыздағы мәліметі бойынша 14 науқас толық емделіп шыққан. Жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан екі науқастың тесті теріс нәтиже көрсеткен. 

Еске салайық, Арменияда алғаш коронавирус жұқтырған адам 1 наурызда тіркелді. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар