#
#
Бейсенбі 04/06/2020

40 млн теңге айыппұл төлей алмаған «ҚТЖ»-ның бұрынғы шенеунігі 7 жыл түрмеде отырады

  • 21.05.2020
  • 0
  • 160

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бұрынғы шенеунігіне тағайындалған айыппұлдың орнына 7 жыл бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Бас көлік прокуатурасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола көлік прокуратурасымен Нұр-Сұлтан қаласы теміржол ұйымының бұрынғы басшысына қатысты үкімді орындау бойынша құжаттар зерделенді. 

2018 жылы материалдық жағдайын жақсарту мақсатында лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғаны (ҚК 361-бабы 1-бөлігі) және бірнеше рет жеке өзі және делдал арқылы қорқытып алу жолымен пара алғаны (ҚК 366-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары) үшін оған 40 млн теңге көлемінде қылмыстық айыппұл тағайындалған.

2019 жылдың қаңтар айында Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотымен сотталғанның өтініші бойынша үкімнің орындалуы 1 жылға кейінге шегерілген.

Сотпен кейінге шегерілген мерзім өткенімен (28.12.2019 жыл), сотталушы айыппұлды толық төлей алмаған (6,8 млн теңге көлемінде ішінара төлем жүргізілді).

Көлік прокурорының араласуымен ғана аудандық соттың 03.03.2020 жылғы қаулысымен сотталушыға қылмыстық айыппұл бас бостандығынан 7 жылға айыру жазасына ауыстырылды.

13.05.2020 жылы аталған сот шешіміне берілген шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.

Бүгінгі таңда сот актісі күшіне енді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар