#
#
Cәрсенбі 03/06/2020
11:29 Мәжілісте ауылдардың интернетке қолжетімділігін арттыруға бағытталған заң жобасы мақұлданды 11:19 Қасым-Жомарт Тоқаев: Ресей — Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі 11:18 Коронавирус: БҚО-да 1500-ге жуық адам үй оқшаулауында жатыр 11:04 Қазақстанда ешқандай да қос билік жоқ – ҚР Президенті 10:45 Ресей мен Беларусь сияқты Одақтас мемлекеттің құрамына қосылу жоспарымызда жоқ – Тоқаев 10:35 Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Комсомольская правда» газетіне сұхбаты: ЕАЭО келешегі, Байқоңыр болашағы, Қытаймен ынтымақтастық және басқа да мәселелер 10:02 Еуропарламент депутаты Тоқаевтың бір жылдық жұмысына қатысты пікір білдірді 9:57 Қостанай облысында екі шағын аудан бой көтереді 9:45 Түркістан облысында жазғы лагерьлер 15 маусымнан бастап оқушыларды қабылдайды 9:34 СҚО-да науқаспен байланыста болған екі адам коронавирус жұқтырды

7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 22.05.2020
  • 0
  • 116

Қазгидромет 23 мамырда еліміздің 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. 

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстіктен жел соғып, жылдамдығы 18 м/с жетеді. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік, солтүстік-батыстан соғады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал. 

Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай, күндіз шаңды дауыл соғады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал. 

Күндіз Ақтөбе облысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-100 %.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар