27 мам, 2020 сағат 05:57

89 жастағы қария коронавирустан жазылып шықты – Алматы облысы

Алматы облысында коронавирустан 89 жастағы қария жазылып шықты. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

1931 жылы дүниеге келген Кеген ауданының тұрғыны Күмісхан Оразақынова Шелек ауылындағы аудандық ауруханада 4 мамырдан бастап ем қабылдаған. Аталған аурухананың бас дәрігері Гүлнар Кураметованың айтуынша, пациент ауруханаға түскен кезде жағдайы орташа ауырлықта болған. 

«Ауруханаға түскен кезде пациенттің жас ерекшелігін ескере отырып, реанимация бөліміне орналастырдық. Өйткені қан қысымының жоғары болуы кез келген ауруды асқындыруы мүмкін. Сондықтан қатаң бақылауда ұстадық. Бүгін пациент коронавирус инфекциясынан толық айығып шықты, - деді бас дәрігер.