05 ақп, 2020 сағат 06:00

Абай-175: Нұр-Сұлтанда республикалық айтыс өтеді

Елордада 8 ақпан күні ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Адамзаттың алыбы – хәкім Абай» атты республикалық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы.

Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыратын айтыс Nur Otan партиясы қолдауымен өткізіледі.

Дүбірлі додаға Еркебұлан Қайназар, Мұхтар Ниязов, Мейірбек Сұлтанхан, Рүстем Қайыртай, Дидар Қамиев, Әсем Ереже, Болатбек Оразбаев, Тілеген Әділов, Қалижан Білдәшев, Нұрлан Есенқұлов, Шалқарбай Ізбасаров, Ершат Қайболдин, Марат Ахметов, Рауан Қайдаров, Серік Қуанған, Нұрзат Қару қатарлы он алты ақын қатысады.

Жыр жәрмеңкесін Жүрсін Ерман жүргізеді.