#
#
Бейсенбі 04/06/2020

Абай – 175 жыл: Елімізде бірыңғай парасат сағаты өтеді

  • 18.05.2020
  • 0
  • 187

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Оқушылар арасында «Парасат сағаты» республикалық акциясын өткізеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Осы жылдың 18 мамырында дәстүрлі «Парасат сағаты» кездесуі онлайн форматта өткізіледі.

«Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын ескере отырып, «Парасат - ұлы Абайдың мұрасы» тақырыбында онлайн дәріс өтеді. Дәріс өскелең ұрпақты адал және парасатты болуға шақырған ұлы ойшылға арналған. Осы акцияға еліміздің​ 9-11 сынып оқушылары және жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттері қатысады», - делінген агенттіктің баспасөз хабарламасында.

«Парасат - ұлы Абайдың мұрасы» онлайн дәрісі «Elarna» және «Balapan» арналарында, Youtube каналда, сондай-ақ, агенттіктің және оның аумақтық департаменттерінің, «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желісінде таратылады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар