16 мам, 2020 сағат 09:20

Аида Балаева Азаматтық Альянс президентімен кездесті

15 мамырда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Қазақстанның Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі президенті Асылбек Қожахметовпен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстанның Азаматтық альянсы стратегиялық дамуының басым бағыттары, мемлекеттік органдардың ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын жандандыру, азаматтық қоғамның даму болашағы, IX Қазақстан Азаматтық форумын ұйымдастыру және басқа да өзекті мәселелер талқыланды. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында қоғамдық диалогты нығайтудың және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Осы жағдайда Азаматтық альянс пен оның құрамына кіретін ұйымдар бізге белсенді қолдау білдіреді деп сенеміз», - деп атап өтті Аида Балаева. 

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы қоғамдық диалог пен жүйелі коммуникацияны дамыту бойынша өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары айқындалды.