#
#
Cәрсенбі 27/05/2020

Ахметбек Нұрсила: Қойылымдар аяқталды. Кешірім сұраймын (Видео)

  • 20.05.2020
  • 0
  • 1352

Партия құрғысы келетінін айтып, оны "Сен" деп атайтынын мәлімдеген Ахметбек Нұрсила instagram парақшасында өзінің кемшіліктерін тізіп, оны өзгертуге болатынын айтты.

"Қойылымдар аяқталды, болды. Кешірім сұраймын. ⠀

Өмірдегі ең қиын шаруа қателігіңді мойындау ғой. «Ойға түстім, толғандым. Өз мінімді қолға алдым» деп қателіктерімді терім шықтым: ⠀

1. Эмоцияға бой алдырып қоямын. Өзгертуге болады.

2. Саясатта тәжірибем аз, ақыл тыңдамаймын. Жанашырларымның: «Ержанмен дебатқа шықпа, оқыс қимылдар жасама» деген ақылдарын тыңдамадым. Өзгертуге болады.

3. Бизнес маркетингпен, саяси маркетингті шатастырып алыппын. Өзгертуге болады.

4. Көп сөйлейді екенмін. Өзгертуге болады.

5. Тағы қандай кемшіліктерім бар, айтсаңыздар түзеймін. ⠀

Ең бастысы – «Ниет түзу». Елге қызмет етемін. Халық кешіреді, түсінеді деп сенемін. Ісіме адал, боламын, жаман жақтарымды өзгертемін деп уәде беремін", деп жазды ол желідегі парақшасында.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар