#
#
Cәрсенбі 27/05/2020

Ақмола облысында 73 жастағы ер адам қайтыс болған соң вирус анықталды

  • 04.04.2020
  • 0
  • 237

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілясов коронавирус індетінен қайтыс болған Целиноград ауданының тұрғыны туралы деректерді айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Белгілі болғандай, 73 жастағы қарт адамның бірнеше созымалы ауруы болған. Ол 2 сәуір күні қайтыс болды. Науқастың коронавирусқа шалдыққаны туралы сот-медициналық сараптамадан кейін анықталды.

Қайтыс болған 1947 жылғы ер адам — Целиноград ауданының тұрғыны. Бұған дейін дисциркуляторлық энцефалопатия диагнозымен тіркеуде тұрған. 

Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, биыл 1 наурызда науқастың көп ағзалық дертіне байланысты жағдайы нашарлаған. Бұл ретте тыныс алу, жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігі жоғарылап, күретамырлық қысым деңгейінің жоғары болғаны байқалды. 

«2 сәуірде науқастың биологиялық өлімі тіркеліп, оның денесі сот-медициналық сараптама үшін Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Зерттеу жүргізу кезіндегі секциондық материалда COVID-19 анықталды. Науқас болған жерде эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде, сондай-ақ қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда», - деді С. Ілясов. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ақмола облысында коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар