15 сәу, 2020 сағат 08:33

Ақпанда халықтың ақшалай табысы 6,5 пайызға өсті

2020 жылғы наурызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 196 716 теңгені болды. Мұндай деректі ҚР ҰЭМ Статистика комитеті ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2020 жылғы ақпандағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 109 733 теңгені (алдын ала деректер) құрады. Бұл 2019 жылғы ақпандаға қарағанда 12,9 пайызға жоғары. Ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 6,5 пайызға артты»,- деді комитеттен. 

Ведомство мәліметінше, 2020 жылғы наурызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 196 716 теңгені болды.

Ал 2020 жылғы наурызда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 442,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8 пайыз болды. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2020 жылғы наурыздың соңына 149,8 мың адамға немесе жұмыс күшінің 1,6 пайызына тең.