22 мам, 2020 сағат 10:35

Алдағы демалыста күн ыстық болады

Синоптиктер алдағы 3 күнде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Сондықтан барлық аумақта дерлік жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. 

Алайда кей жерлерде жел күшейеді. Оңтүстік және батыста шаңды дауыл соғады. 

Тек бірінші күні атмосфералық фронттардың ықпалымен батыс өңірлерде кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.