18 мам, 2020 сағат 10:04

Алдағы үш күнде елімізде жауын жауады, күн салқындайды

Синоптиктер 19-21 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Алдағы күндері Солтүстік-батыс циклонының өтуіне және фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстағы кей жерлерде қатты нөсер жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі, дауыл соғады, жел күшеюі ықтимал, бұршақ жаууы да ықтимал. Ауа температурасы төмендейді деп күтіледі, тек еліміздің оңтүстігінде ғана жоғарылайды», делінген болжамда.