17 сәу, 2020 сағат 19:56

Әлеуметтік қашықтық ережесі 2022 жылға дейін сақталуы мүмкін - The Guardian

Коронавирустың қайта өртшіп кетпеуі үшін кейбір әлеуметтік шараларды 2022 жылға дейін сақтау қажеттілігі туындауы мүмкін. Бұл туралы ғалымдар айтты, деп жазады The Guardian.

«Science журналында жарияланған зерттеу нәтижелерінде ғалымдар бір реттік карантин коронавирусты жеңу үшін және Пандемияны толық бақылауға алу үшін жеткіліксіз болуы мүмкін екенін жазған. Вакцина табылмаса немесе COVID-19-ды емдеудің тиімді әдістері табылмаса, вирустың таралуы 2025 жылға дейін тоқтамауы мүмкін», - деп жазады басылым. 

Гарвард университетінің эпидемиология профессоры Марк Липсичтің айтуынша, инфекция вирус жұқтыру қаупі бар адам барда тарала береді. Егер ұжымдық иммунитет болмаса, адамдардың көбі вирус жұқтыруы мүмкін. 

«Үкіметтер халықты шектеу шараларын сатылап жұмсартып, жаңа жұқтыру жағдайларын бақылауға алуы мүмкін. Дегенмен, 70 жастан асқан адамдар мен ауруы бар адамдардың қашықтықты сақтауы, адамдар көп жүретін жерге бармауы секілді ережелер сақталуы тиіс. Егер вакцина немесе ем табылса, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігі болмайды», - деп жазылған мақалада.