28 нау, 2020 сағат 15:47

Алматы облысында ТЖ режимін бұзған 28 адам қамауға алынды

Алматы облысында шектеу шараларына қарамастан төтенше жағдай режимін бұзғандар көбейіп барады. Өңірде тәртіп бұзған 28 азамат қамалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұдан бөлек 7 азамат әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл салынды. Тағы бір азаматқа ескерту жасалды. 

Алматы қаласына 22 наурыздан бастап кіріп-шығуға тыйым салынғанына қарамастан кейбір азаматтар мегаполиске баратын жаңа жолдар іздестіруін тоқтатпай жатыр. Осылайша олар өз бастарын қауіпке тігіп, коронавирустың басқа елді-мекендерге таралып кетуіне қолайлы жағдай туғызуда. Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі тәртіп бұзған азаматтарға қатаң шаралар қолданылатынын ескертеді.