21 мам, 2020 сағат 13:10

Алматыда әскери шенеуніктер ұсталды

Алматыда әскери шенеуніктердің үстінен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті.

«Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебің Алматы филиалы директорының орынбасары мен Алматы қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бөлім бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады», - делінген агенттіктің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта.