#
#
Cәрсенбі 03/06/2020
11:29 Мәжілісте ауылдардың интернетке қолжетімділігін арттыруға бағытталған заң жобасы мақұлданды 11:19 Қасым-Жомарт Тоқаев: Ресей — Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі 11:18 Коронавирус: БҚО-да 1500-ге жуық адам үй оқшаулауында жатыр 11:04 Қазақстанда ешқандай да қос билік жоқ – ҚР Президенті 10:45 Ресей мен Беларусь сияқты Одақтас мемлекеттің құрамына қосылу жоспарымызда жоқ – Тоқаев 10:35 Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Комсомольская правда» газетіне сұхбаты: ЕАЭО келешегі, Байқоңыр болашағы, Қытаймен ынтымақтастық және басқа да мәселелер 10:02 Еуропарламент депутаты Тоқаевтың бір жылдық жұмысына қатысты пікір білдірді 9:57 Қостанай облысында екі шағын аудан бой көтереді 9:54 "Мемориал": Ресейде екі жыл ішінде саяси тұтқындар күрт көбейді 9:45 Түркістан облысында жазғы лагерьлер 15 маусымнан бастап оқушыларды қабылдайды

Алматыда аялдама мен автобустарға видеокамералар орнату ұсынылды

  • 22.05.2020
  • 0
  • 120

Алматыда полиция қызметкерлері аялдамалар мен қоғамдық көлік салондарына видеокамералар орнатуды ұсынуда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қылмыстың 60%-ы ұрлық. Десекте, пәтер ұрлығы 46,4%-ға, автомобиль ұрлығы - 3,5 есеге, көлік салонын тонау - 2,4 есеге, бүйір айналарды ұрлау - 4,2 есеге азайды», - деді Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов брифинг барысында. 

Оның айтуынша, криминалдық полиция қызметкерлерінің 70%-ы ұрлықты ашуға жұмылдырылған. Ұрланған мүлікті сатып алушыларға қатысты тиісті шаралар қолданылып жатыр.

Сонымен қатар, спикер ұрлықтың 25%-ы қоғамдық көліктерде немесе аялдамаларда жасалатындығын атап өтті.

«Қалада 2 мың аялдама пункті бар, онда бейнебақылау камералары жоқ. 1771 қоғамдық көлік бар. Олар да толықтай бейнебақылаумен жабдықталмаған», - дейді Қанат Таймерденов.

Ұрлықтың алдын алу және азайту маұсатында полиция әкімдікпен бірлесіп, аялдамалар мен қоғамдық көлік салондарына бейнебақылау камераларын орнатуды көздеп отыр. Бұл қалта ұрыларын тез анықтауға мүмкіндік береді.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жалпы мегаполистегі қылмыс 44%-ға төмендеген.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар