01 мау, 2020 сағат 08:48

Алматыда қала маңына қатынайтын автобустар жолға шықты

Алматыда 1 маусымнан бастап қала сыртындағы аудандарға қатынайтын автобустар жолға шықты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты Алматы шекарасындағы блокпостар ашылды. Сондықтан, жолаушылар тасымалы бұрынғы жұмыс режиміне көшеді. Жұмыс уақыты кешкі 21:00-де аяқталады»,— деп мәлімдеді «Алматыэлектротранс» АҚ.

Атап айтқанда, Қаскелең, Жандосов, Талғар, Алма арасан шатқалына шығатын 202, 212, 209, 210 автобустар жұмысын қайта бастайды.

Айта кету керек, Алматыда 1 маусымнан бастап қала сыртындағы блокпостар ашылған болатын.

Қалалық ПД блокпостарда 2,5 ай бойы қызмет еткен полиция қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.