27 мам, 2020 сағат 12:42

Алматыда науқас курсант індетті бүкіл казармаға жұқтырды – Алматы әкімі

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн брифинг барысында ҰҚК Шекара қызметі Академиясының коронавирус жұқтырған курсанттары туралы айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

15-29 жас аралығындағылар қауіп тобына жатады.

«Курсанттардың көпшілігі ауырды. Казармада жатқандардың барлығы ауырып шыққанша тоқтамады. Осы жағдайда вирустың тез тарағанын бақыладық. Казармада бір адам ауырған еді, басқаларының барлығына жұқты», - деді әкім.

Бұған дейін Алматыда ҰҚК Шекара қызметі Академиясының 54 курсанты коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.