22 мам, 2020 сағат 08:59

Алматыда педофил деген күдікпен ер адам ұсталды

Алматыда педофилге күдікті ер адам ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Instagram-да kris.p.online парақшасына белгісіз бір ер адамның 10 жастағы қызды өзімен бірге кетуге үгіттеді деген ақпарат пайда болды. Куәгердің айтуынша, ол сұмдық жағдайдың, бақытсыздықтың алдын алған. 

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше түнде Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері педофиль деп айыпталған тұрғылықты мекен жайы жоқ адамды ұстады. 

«Ол біздің бөлімшеге жеткізілді. Біз кішкентай қыздың анасын шақырдық, ол қызына тиіспегенін және зорлық-зомбылық фактілері жоқ екенін айтты. Ал ұсталған адам өз кезегінде баладан сағат сұрағанын айтып, ақталды. Десек те, іс жүргізу барысында бәрін анықтап, құқықтық баға береміз», - деді Жетісу аудандық полиция бөлімінің бастығы Дархан Мұсанов.