01 мау, 2020 сағат 16:15

Алматыда санитарлық талапты сақтамаған 39 нысан қайта жабылды

Алматыда санитарлық нормаларды сақтамай, ережені бұзған бизнес нысандарының қызметі қайта тоқтайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бизнес нысандарындағы санитарлық талаптардың орындалуын арнайы монторинг тобы қадағалайды. Оның құрамында кәсіпкерлер палатасы, әкімдік, полиция қызметкерлері мен санитарлар бар. 

Мониторинг тобы 1989 бизнес нысанын тексеріп, 65 кәсіпкерге айыппұл салған. Сөйтіп 39 нысанның қызметін тоқтатты. 

«Өткен сенбі, жексенбі күндері 153 нысан тексерілді. 14 нысанның қызметі тоқтатылды. Бұл тек ескертуге жауап бермейтіндерге қатысты. 12 кәсіпорынның басшыларына әкімшілік айыппұл салынды», - деді Ж.Бекшин.