28 нау, 2020 сағат 14:21

Алматыда тағы 10 айналма жол жабылды

Алматы қаласында тағы 10 айналма жол жабылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қалалық ПД мәліметінше, бақылау-өткізу пунктінің жазбасына сәйкес бір күнде қалаға 3 мың 416 автокөлік кірді, оның ішінде 3 мың 130 адам болды. Сонымен қатар, қаладан бір тәулікте 3 мың 894 көлік шықты, оның ішінде 3 мыңнан аса жолаушы болған. 

«Арнайы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы бойынша 132 әкімшілік материал қаралды, оның ішінде 74 адам әкімшілік қамауға алынды, қалғандарына айыппұл салынды. Сондай-ақ, жедел қызмет және жол-патрульдік полиция күштерімен қаладан кіру / шығу үшін айналма жолдарды белгілеу мақсатында Алматы облысымен шекаралас аймақтарды айналып өтті. Сонымен, тексеріс барысында 40 айналма жол анықталып, арнайы бетонды блоктар орнатылды және Ұлттық әскери қызметкерлердің қатарынан нарядтар қойылып, жолдар бұғатталды: Алатау ауданында – 18, Жетісу ауданында – 9, Медеу ауданында – 6, Наурызбай ауданында – 4 және Түрксіб ауданында – 3», – дейді Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов.