28 мам, 2020 сағат 08:44

Алматыда ыстық су өшіріледі

Алматының солтүстік бөлігінде орналасқан бірнеше көшеде ыстық су уақытша өшіріледі, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, маусымның алғашқы он күндігінде Түрксіб ауданында бірнеше үй мен ғимаратта ыстық су өшіріледі.

Сүйінбай - Щелково, Элеваторская - Щелково, 1-15 маусым аралығында;

Спартак - Р. Зорге, Сауранбаев - Ақан Сері, Нұрсай - Кустанайская, Спасская - Клара Цеткин 1-12 маусым;

Коминтерна - Монтажная, Майлин - Баймағамбетов, 1-15 маусым.

Компанияның мәліметінше, 1-15 маусым аралығында «Лев Толстой 6 Б», «Мелкомбинат» , № 85 мектеп пен «Жас Қанат» қазандықтарының су жылытатын желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.