28 мам, 2020 сағат 21:39

Алматыдағы бірқатар ірі сауда орталығында санитарлық талаптар сақталмаған

Алматыда жүргізілген рейд барысында 85 кәсіпкерлік нысанда санитарлық талаптар бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«27-28 мамырда аудандық әкімдіктер мен эпидемиологтер қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану орындары, үйлердің қасындағы дүкендерге рейд жүргізді. 147 нысан тексерілді», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен. 

Тексеру нәтижесінде 2 күнде 85 нысанның басшысына айыппұл салынды. М.Әуезов ауданында – 11, Алатау ауданында – 21, Алмалы ауданында -10, Бостандық ауданында – 10, Жетісу ауданында – 4, Медеу ауданында -17, Наурызбай ауданында -3, Түрксіб ауданында - 9 нысанның басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Атап айтқанда, «Mr Donerci», «Чай La», «Райски Сад», «Master Kafesi», «Оазис» дәмханалары, «Olivier», «Свет», «Noodles» мейрамханалары, «Basilic» асхана желісі, «Fantazy» шаштаразы, «Аделя» сән салоны, «Рахат», «Какаду», «Зарина» азық-түлік дүкендері, шина жөндеу мен көлік жуу орталықтары бар. 

Одан бөлек ірі сауда орындарынан «АДК» сауда ойын сауық орталығы, «Grand Park» сауда ойын сауық орталығы, «Sulpak» дүкенінде санитарлық талаптар бұзылғаны анықталды. 

Айта кету керек, Алматыда шағын және орта бизнестің 80%-ның жұмысы қайта жанжанды.