02 мау, 2020 сағат 09:46

Алматының ауасы бензапиренге тексеріледі

«Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша атмосфералық ауа көрсеткіштерінің тізбесіне бензапирен құрамының талдауын енгізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М. Мырзағалиевтің тапсырмасымен «Қазгидромет» 2020 жылдың 1 маусымынан бастап Алматы қаласының атмосфералық ауасында бензапирен құрамына мониториг жүргізуге кірісті. Ауа сынамасы аптасына 1 рет жасалады»,– деп хабарлады «Қазгидромет». 

Талдау нәтижиелері «Қазгидромет» әлеуметтік желі парақшалары мен сайтта жарияланады. 

Бензапирен – өте улы және адам ағзасына әсері жағынан қауіптіліктің ең жоғары санатына жатады.