02 мау, 2020 сағат 06:15

Анталияның музейлері дезинфекцияланып жатыр

Түркиядағы Анталия қаласының әлемге танымал музейі коронавирусқа (COVID-19) байланысты енгізілген карантиндік режимнің жұмсаруы жағдайында көрерменге есігін қайта ашуға дайындалу үстінде, деп жазады aa.com.tr.

Мұражай ғимараты дезинфекциялануда. Оның кіреберісінде дезинфекциялық құралдар құйылған ыдыстар орналастырылған. 

Кассадан бастап көрме залдарына дейін ені бір жарым метрлік әлеуметтік қашықтық сызықтары сызылған.