27 нау, 2020 сағат 12:41

Антисептик мәселесінде спирт пен арақтың орны екі бөлек – дін маманы

Қазіргі таңда елімізде болып жатқан Төтенше жағдай кезінде қолданылып жатқан түрлі шараларға байланысты қоғам тарапынан да түрлі сауалдар туындап жатыр. Мәселен, құрамында спирті бар антисептик қолдану, намазды жамағатпен емес, үйде оқу сияқты сауалдар көпшілікті алаңдатқаны рас. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің қызметкері Медет Құрсақов дәл қазіргі жағдайға байланысты туындаған сұрақтарға жауап берді. Осы ретте «Ұлт» порталы бірнеше сұрақтың жазбаша жауабын ұсынады.

Антисепитік қолдануға бола ма? Қолға жағып, бактерия жоюға, құрамында спирт бар нәжәс болып есептеле ме? Немесе болмай ма?

Жалпы қорғану мақсатында қолын антисептикпен сүртіп жүреді. Енді бұл мәселеге, бұл сұраққа келетін болсақ, жалпы ханафи масхабында арақ пен спирттің арасында айырмашылық бар. Яғни Құранда хамыр деп айтылған арақ бұл ханафи масхабында нәжәс болумен қатар, ол харам болып есептеледі. Яғни сол арақ киімнің немесе дененің бір жеріне тиетін болса, ол жер нәжәс болып, ол жерді жуу міндетті болады. Ал спиртқа келетін болсақ, спиртті ішу арам болғанымен, ол нәжәс болып есептелмейді. Яғни киімге, денеге тиген жағдайда оны жуу міндетті емес. Мысалы, есірткі, у сияқты нәрселерді ішу харам болғанымен, ол құрамы таза болғандықтан дененің немесе киімнің бір жеріне тисе, ол нәжәс болып есептелмейді. Сондықтан бұл жерде мынадай ереже айтып кетсек болады: жалпы барлық нәжәс нәрсе харам болып есептелгенімен, харам нәрсенің бәрі нәжәс болып есептелмейді. Сондықтан спирт қазір көптеген нәрселерге қосылады, иіссуларға, және де одан басқа сұйықтықтарға қосылып, ол дененің бір жеріне антисептикпен жуып жүрген уақытта, қолға, киімге тиген уақытта, ол дәретті бұзбайды және қолды сүрткеннен кейін қолды жумастан намаз оқыған уақытта ол намаз да дұрыс болып саналады.

Тікелей эфир арқылы иманның артынан ұйып намаз оқыса бола ма?

Жалпы қазіргі таңда мына жаман аурудың тарқауына байланысты, мешіттерімізде жұма намазы, жамағат намазы тоқталығаны баршамызға аян. Бұл тек қана біздің мемлекетте емес, көптеген мемлекеттерде осы аурудың тез жұғуына байланысты, бір-біріне жұқпалы болуына байланысты осы шара қабылданып, мешіттерде жұма намазы, жамағат намаздары тоқтатылды. Бұл енді баршамызға ауыр тиіп отырғаны мәлім. Біз Алла тағала бұл ауруды тездетіп кетіріп, жұма намаздарын, жамағат намаздарын мешітте оқуға нәсіп етуін сұраймыз. Бірақ енді онлайн арқылы, тікелей эфир арқылы осы жамағат намазын мешітте имам тұрып, қалған адамдар үйде тұрып оқуға бола ма деген сұраққа келетін болсақ, ілім иелері бұлай намаз оқу дұрыс емес екенін айтқан. Және де егер осы жолмен намаз оқылатын болса, ол намазды қайта оқу керектігін айтып өткен. Себебі бұл жерде, біріншіден, имам бөлек жақта, жамағат бөлек жақта тұр. Сондай-ақ, жағдайларға байланысты имамның алдына жамағаттың шығып кетуі бар. Имамның бұлай арасында оқуы дұрыс емес екенін ілім иелері айтып өткен. Сондықтан да бұлай оқылған намаз дұрыс болып есептелмейді. Біздің «Ғұламалар кеңесінде» қабылданғандай, біз жұма намазының орынында әрқайсымыз өз үйімізде бесін намазын төрт рәкәт етіп оқимыз. Яғни жұма намазы бұл күні оқылмайды. Жұма намазын бәріміз бірге мешіттерде оқуға Алла Тағала нәсіп етсін, ИншАлла.

Ғұсыл құйынатын суға қол тисе не болмаса жуынған суы шашырап тисе, сол суға құсыл алынады ма?

Жалпы үлкен-кіші дәретсіздік деген бар. Яғни үлкен дәретсіздік ол жуыну арқылы кетеді, ал кіші дәретсіздікті бойымыздан дәрет алу арқылы кетіреміз. Осындай үлкен немесе кіші дәреті жоқ адам, мысалы өзі жуынайын деп жатқан немесе дәрет алайын деп жатқан суына қолын малатын болса, ол су  пайдаланылған суға айналып қалмайды. Ол сумен дәрет алуға да, ғұсыл алуға да болады. Ал егер, сондай-ақ қолы нәжәс болмаған болса, ол суды ешқандай нәжәс етпейді. Ал енді жуынып жатқан уақытта шашыраған суға келетін болсақ, бұл фиһ яғни қолданылған, пайдаланылған су деп айтылады. Бұл жерде қолданылған, пайдаланылған су дегенде дәрет алған суға айтылады. Немесе бір адамның дәреті бар, дәретінің үстіне қайта дәрет алып сауапты ниет етіп, осындай сулардың бәрі қолданылған суға жатады. Мұндай қолданылған су таза болып есептеледі, бірақ тазалаушы болып есептелмейді. Яғни мұндай сумен біз денеге, киімге тиген нәжәсті кетірсек болады, бірақ онымен біз қайтадан дәрет ала алмаймыз. Яғни екінші рет дәрет алуға бұл су жарамсыз болып саналады. Енді су шашыраған уақытта, біз мұндай жағдайда қолданылған су мен тазалаушы су екеуінің мөлшеріне қаралады. Егер тазалаушы судың мөлшері қолданылған судың мөлшерінен көбірек болатын болса, ол сумен дәрет те, ғұсыл да ала берсек болады. Ал егер қолданылған судың мөлшері тазалаушы судан көбірек болатын болса, ол су дәрет алуға да, ғұсыл алуға да жарамсыз болып саналады. Енді мынау жоғарыдағы сұраққа келетін болсақ, дәрет алып жатқан уақытта, ғұсыл құйынып жатқан уақытта ыдыстағы суға су шашырайтын болса, ол судың мөлшері өте аз болғандықтан, таза суға оның ешқандай әсері болмайды. Яғни ол сумен дәрет те, ғұсыл да ала бесек, жарамды болып саналады.

Дәретімді бұздым ба деп сенім мен күмәнді ажырата алмаймын. Кейде намаз оқып жатқан кезде ойым бұзылып, рәкәтті қалай оқып қойғанымды байқамай қаламын. Еске де сәкесінше түсіре алмаймын. Ондай жағдайда не істеу керек?

Жалпы күмән дәретке де, намазға да болуы мүмкін. Болады жалпы. Мысалы бұл жайында біздің фиһ кітаптарымызда күмәнданып қалса, мысалы бір жерім жуылды ма, жуылмады ма деп күмәнданатын болса, немесе дәрет алып болғаннан кейін дәретім бұзылды ма, бұзылмады ма деп күмәнданатын болса, және сол күмәні бірінші рет болатын болса, ол қайта басынан бастап дәрет алсын дейді. Ал егер осы жағдай, яғни күмән жиі-жиі қайталанатын болса, қиыншылықты кетіру мақсатында ойының басымырағын алсын дейді. Яғни мысалы біреу дәрет алды, дәрет алғанын нақты біледі, бірақ дәреті кеткеніне күмәнді. Бұл уақытта бұл адам дәреті бар сияқты үкімді алады. Ал егер біреу дәрет алғаны есінде жоқ, бірақ дәреті кеткеніне күмәнданып тұратын болса, бұл дәреті жоқ адам деп есептеліп, яғни ойының басымырақ жағы алынады деп есептеледі.

Сондай-ақ намаз мәселесінде де, мысалы, егер біреу намаз оқып болып, намаз оқып жатқан уақытта бір рәкәт оқыдым ба, екі рәкәт оқыдым ба деп күмәнданатын болса, егер күмәні бірінші рет болатын болса, ол уақытта ол намазды қайтадан басынан бастап оқиды. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.а) «Егер сіздердің біреулеріңіз намазда тұрып күмәнданып қалатын болса, және ол бірінші рет болатын болса, намазды қайтадан басынан бастасын» деген. Ал егер бұл күмәні жиі қайталанатын болса, онда ол адам ойының басымырақ жағын алады. Ал ойының басымырақ жағы да болмайтын болса, аз жағын алады. Яғни мысалы, үш рәкәт оқыдым ба, екі рәкәт оқыдым ба деп күмәнданатын болса, бұл жерде екі рәкәт оқығаны анық, үш рәкәт оқығаны күмәнді болғандықтан, екі рәкәт оқыдым деп алады. Ол жайныда да Пайғамбарымыздың (с.а.а) хадисінде келеді: «Егер сіздердің біреулеріңіз намаз оқып тұрып, бір рәкәт оқыдым ба, екі рәкәт оқыдым ба деп күмәнданса, бір рәкәт оқыдым деп алсын» дейді.  Егер екі рәкәт оқыдым ба, үш рәкәт оқыдым ба деп алып, ең ақырында сәждесін жасап, сәлемін берсін дейді.

Намаз деген Алла мен пенденің арасындағы байланыс болғандықтан, өте маңызды құлшылықтардың бірі болғандықтан, шайтан көбінесе адамға неше түрлі жаман ойлар салады. Яғни намаздың сауабын кеміту мақсатында, намаздың қабыл болмауы мақсатында неше түрлі жаман ойларды салады. Бұл шайтаннан. Сондықтан мұндай жағдайға түскен адам Алла Тағаладан осы шайтанның азғыруынан, жамандықтарынан пана сұрауы керек болады. Алла Тағала Құранда «Жамандыққа итермелеу келетін болса, сен Алла Тағаладан пана сұра. Өйткені Алла Тағала бәрін естуші, бәрін толық біліп тұрушы» дейді. Сондықтан да біздің дініміз жеңілдіктің үстіне құрылған.

Дайындаған Ақбота Мұсабек