#
#
Дүйсенбі 01/06/2020

AP: Ресейде кемінде 9479 дәрігерге коронавирус жұққан

  • 22.05.2020
  • 0
  • 83

Ресейде соңғы айда кемінде 9479 медицина қызметкеріне коронавирус жұққан. Елдің 70-тен астам аймағынан жарияланған ақпаратқа сүйенген Associated Press агенттігі осындай мәлімет жариялады. 

Агенттіктің жазуынша, 70-тен астам дәрігер коронавирустан қайтыс болған және кейбір медицина қызметкерлері олардың саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтқан. 

AP агенттігі жариялаған мақалада COVID-19 індеті кезінде ресейлік дәрігерлер ұшырасқан мәселелер туралы айтылған. Мақалада ауруханаларда қорғаныш құралдарының тапшылығы, мәселелерді ашық айтқан қызметкерлердің қылмыстық қудалауға немесе қоқан-лоқыға кезіккені айтылады. 

Агенттік өзге медицина қызметкерлерімен бірге Мәскеу маңындағы Реутов қалалық орталық ауруханасының дәрігері Ирина Васькянинаның сөзін келтіреді. Оның айтуынша, ауруханада 40-тан астам қызметкерге коронавирус жұққан. "Новая газета" басылымы сәуір айында Реутов ауруханасындағы қызметкерлердің президент Владимир Путиннен көмек сұрап, мәлімдеме жолдағанын жазған еді. 

"Медиазона" басылымы екі күн бұрын Ресейде коронавирустан кемінде 186 медицина қызметкері қайтыс болған деп хабарлаған. Басылым зерттеуінде ресейлік дәрігерлер ұйымдастырған коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің аты-жөні жазылған мемориалдық жоба дерегіне сүйенген.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар