#
#
Дүйсенбі 06/04/2020

Әр жолаушыны жіті тексеру індеттің жаңа легін қалаға кіргізбеуге мүмкіндік береді

  • 25.03.2020
  • 0
  • 111

Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген әуе жолаушылары келісімен стационар етіп қайта жабдықталған қонақүйлерге жеткізіледі. Олар коронавирусқа тексерген қала әкімдігіне алғысын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының медицина қызметкерлері 16 рейспен жұмыс істеп жатыр. Бұл шамамен 1300 адам. 1200-ге жуық адам сараптама нәтижесін алды. 

Азаматтар екі апта бойы үй карантинінде дәрігерлердің бақылауында болады. 

«Елордада азаматтарды қай елден келгеніне қарамастан барлығын тексеріп жатқаны дұрыс болды. Сараптамадан өтіп қана біз өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығы үшін сенімді боламыз. Балаларым мен немерелерімнің бұл індетке шалдыққанын қаламаймын», - деді Сергей Кравченко. 

Алынған 1200 нәтиженің ішінен бір жолаушыдан коронавирус анықталды. 

Дәрігер атап өткендей, әрбір жолаушыны тексеру арқылы қалаға вирустың жаңа легін кіргізіп алмауға және науқасты дер кезінде ауруханаға жатқызып, барлық қажетті медициналық көмекті көрсету мүмкін болып отыр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар