28 нау, 2020 сағат 17:50

Атырау облысындағы 5-жағдай: Коронавирус жергілікті тұрғыннан анықталды

Атырау облысында коронавирус жұқтырудың бесінші оқиғасы тіркелді. Әйел адам оқшауланып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, індет жергілікті тұрғыннан анықталған. Оған тест жасалды. 

«Бүгін 28 наурызда коронавирус жұқтырған бесінші жағдай расталды. Әйел адам оқшауланып, ауруханаға жатқызылды. Бұған дейін Атырау облысында төрт адам коронавирус жұқтырған еді. Барлығы да стационарлық карантинде жатыр», - делінген ақпаратта.