#
#
Cәрсенбі 03/06/2020
11:29 Мәжілісте ауылдардың интернетке қолжетімділігін арттыруға бағытталған заң жобасы мақұлданды 11:19 Қасым-Жомарт Тоқаев: Ресей — Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі 11:18 Коронавирус: БҚО-да 1500-ге жуық адам үй оқшаулауында жатыр 11:04 Қазақстанда ешқандай да қос билік жоқ – Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресейлік басылымға сұхбаты 10:45 Ресей мен Беларусь сияқты Одақтас мемлекеттің құрамына қосылу жоспарымызда жоқ – Тоқаев 10:35 Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Комсомольская правда» газетіне сұхбаты: ЕАЭО келешегі, Байқоңыр болашағы, Қытаймен ынтымақтастық және басқа да мәселелер 10:02 Еуропарламент депутаты Тоқаевтың бір жылдық жұмысына қатысты пікір білдірді 9:57 Қостанай облысында екі шағын аудан бой көтереді 9:45 Түркістан облысында жазғы лагерьлер 15 маусымнан бастап оқушыларды қабылдайды 9:34 СҚО-да науқаспен байланыста болған екі адам коронавирус жұқтырды

Ауруханаға түскен Шешенстан басшысының жағдайы белгісіз

  • 23.05.2020
  • 0
  • 144

Шешенстан және Ресейдің ресми тұлғалары Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың қайда екенін айтпады, жағдайына байланысты түсініктеме берген жоқ. Бұған дейін оның коронавирус инфекциясына байланысты ауруханаға жатқызылғаны туралы хабар тараған

Қадыровқа коронавирус жұққаны расталса, Ресейде COVID-19 ауруына шалдыққан шенеуніктер тағы бір адамға көбейеді. Коронавирус анықталған шенеуніктер арасында премьер-министр Михаил Мишустин, Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бар. 

Аты-жөнін атамаған дереккөзге сілтеген "Интерфакс" және РИА "Новости" агенттіктері 21 мамырда 43 жастағы Қадыровтың Мәскеудегі емханаға жеткізілгенін және дәрігерлер бақылауына алынғанын хабарлаған. 

"База" телеграм-арнасы 21 мамырда жедел респираторлық вирус инфекциясы белгілері анықталған Қадыровтың Мәскеудегі "ең мықты емханалардың біріне" арнайы ұшақпен жеткізілгенін жазған. 

Ресми мәлімет бойынша, Шешенстанда мыңнан астам адамға вирус жұққан, 11 адам қайтыс болған. 

Жақында Қадыров коронавирус жұққан науқастарды емдеген дәрігерлер қорғаныш құралдары жетіспейді деп шағымданған кезде оларды сөгіп, басшыларын қызметтен қууды талап еткен.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар