27 мам, 2020 сағат 10:42

Аймағамбетов инклюзивті білім жүйесін жетілдірудің жолдарын айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда ерекше қажеттігі бар балалар үшін инклюзивті білім беру жүйесі қалай жетілдірілетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ерекше қажеттілігі бар балаларға білім беру, инклюзивті білім беру саласының маңызы өте зор. Бұған дейін инклюзив дегеніміз мүмкіндігі шектеулі балаларды кедергісіз келешекке жетелеу пен пандустарды орнатумен шектеліп келген еді. Алайда пандустардың мәселесі ретке келтірген кезде ең басты мәселе – білім мазмұнында екенін түсіндік. Ерекше қажеттігі бар балаларға білім беру әдістемесі, мұндай балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімдердің даярлығы, бағалау жүйесі керектігін түсіндік. Сол себепті біз қазір қоғамдық ұйымдармен бірге мазмұндық жағынан инклюзивті дамыту ісін талқылап, пысықтап жатырмыз», - деді Асхат Аймағамбетов Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында. 

Министрдің айтуынша коррекциялық көмек көрсету үшін мемлекеттік тапсырыс бөлінетінін жеткізді.

«Заң жобасы Парламентте қаралуда. Депутаттар оған қолдау білдірер деген үміттеміз», - деді ол.