02 мау, 2020 сағат 12:25

Әзербайжан парламенті медициналық маска тақпағандарға салынатын айыппұлды бекітті

Милли Меджлистің кезектен тыс сессиясындағы бүгінгі отырыста коронавирус пандемиясы кезінде медициналық маска тақпағандарға айыппұл салу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Trend.

Осыған байланысты үшінші оқылымда Әкімшілік әрекеттер туралы кодекске түзету енгізу талқылауға шығарылды. Өзгеріске сәйкес, жеке қорғаныс құралдарын пайдалануға байланысты тиісті атқарушы билік органы белгілеген талаптарды бұзғаны үшін, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың осы талаптарды бұзудың жолын кеспегені үшін жеке тұлғаларға - 50 манат, лауазымды тұлғаларға – 100 манат (24 135 теңге), заңды тұлғаларға - 200 (48 270 теңге)манат көлемінде айыппұл салынады.

Карантин режимі аяқталғанға дейін осы ережені қайта бұзған адамдар - 100 манат, лауазымды тұлғалар – 200 манат, заңды тұлғалар – 400 манат айыппұл төлейді.

Өзгеріс талқылаудан кейін дауыс беруге шығарылып, қабылданды.