#
#
Cәрсенбі 27/05/2020

Әзербайжанда коронавирус инфекциясынан екі адам қайтыс болды

  • 06.04.2020
  • 0
  • 119

Әзербайжан Республикасында COVİD-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған екі адам көз жұмды. Бұл туралы елдің Министрлер кабинеті жанындағы Жедел штаб мәлім етті, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ агенттігі.

Жедел штаб хабарламасында Әзербайжан Республикасының 1931 жылы туған азаматы қант диабетімен ауырғаны көрсетілген. Ал қайтыс болған екінші адам - 1956 жылы туған ӘР азаматы, жүректің ишемиялық ауруымен, артериялық гипертензиямен және қант диабетімен ауырған. 

Олардың COVID-19-ға тестілері оң нәтиже көрсеткен. Науқастардың денсаулығын тұрақтандыруға арналған реанимациялық шаралар нәтиже бермеген.

Қазіргі уақытта қайтыс болған пациенттердің отбасы мүшелері, сондай-ақ олармен байланыста болған адамдар анықталып, карантинге алынды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар