25 мам, 2020 сағат 11:10

Азия Олимпиада кеңесінің жаңа вице-президенті тағайындалды

Азия Олимпиада кеңесінің жаңа вице-президенті белгілі болды деп жазады Olympic.kz.

Таиланд Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Дато Сери Чайпяк Сириват жаңа қызметке тағайындалды. 

Сондай-ақ, Сириват Тайланд хоккей қауымдастығының және Азия хоккей федерациясының вице-президенті міндеттерін атқарады. «Дато Сери Чайпяк жабық ғимараттағы 6-шы Азия ойындарын өткізу кезеңінде АОК-пен тығыз байланысты болады», - делінген хабарламада.