#
#
Cәрсенбі 27/05/2020

Азық-түлік бағасын көтергендерге 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады

  • 06.04.2020
  • 0
  • 148

Алматыда азық-түлік бағасын көтерген кәсіпкерлерге 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша, қол жетімді 64 түрлі азық-түлік тауарларының 19-ның әлеуметтік маңызы бар. Оның 9-на шекті баға бекітілген. 

«Алматыда күріштің шекті бағасы - 310 теңге, бірінші сұрыпты бидай ұнының 1 келісі - 211, қарақұмық – 209, бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған нан - 80 теңгеден аспау керек, кеспе – 209 теңге, қой еті – 2169, жұмыртқаның 10 данасы – 367, күнбағыс майының 1 литрі – 434, тұз - 59 теңге болып бекітілген»,- дейді Еркебұлан Оразалин

Сонымен қатар, ол Алматы аумағындағы ірі және шағын дүкендерде көрсетілген осы тауарлардың бағасынан асырып сатуға рұқсат етілмейтінін айтты.

«Алматы әкімі қаладағы аудандық әкімдіктерге бағаны бақылау бойынша тапсырма берді. Бүгін бұл мәселе бойынша комиссия құрылды. Оның қатарына заңгер, полиция, кәсіпкерлік бөлінімінің мамандары және аудандық кірістер департаментінің өкілдері еніп отыр. Олар күнделікті қаладағы азық-түлік дүкендеріне барып, бағаларды бақылап отырады, - дейді ол.

Оның айтуынша, арнайы құрылған комиссия мүшелері қаладағы ірі супермаркеттерге барып, бекітілген 9 тауар түрі бойынша бағаны асырмау жөнінде ескерту жасаған.

«Осы екертулерден кейін, заң бұзушылық анықтаса. Азық-түлік дүкен иелеріне 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады», – дейді басқарма басшысы.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар