27 сәу, 2020 сағат 10:20

Бақыт Сұлтанов отандық экспорттаушыларды қолдайтын жаңа бағдарламаны таныстырды

Қазақстанда отандық экспорттаушыларда қолдауға бағытталған QAZTRADE экспорттық акселератор бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бәріміз әлемнің бүгінгі құбылмалы болмысын бақылап отырмыз. Әлемдік өндіріс тізбегі құлдырап, халықаралық сауданың құрылымы және көлемі өзгеруде. Дәстүрлі сауда негіздеріне жаңа сауда шарттары әсерін тигізіп жатыр. Туындаған дағдарыс, әрине, бизнесті жүргізуді қиындатады. Дегенмен, бәсекелік артықшылық тұрғысынан мүмкіндік тудырады», - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында. 

Бақыт Сұлтановтың жазуынша халықаралық сауданың қазіргі шаралары біздің экспорттаушыларымыз үшін жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізіп, жаңа нарықтарға есік ашып, өнімдерді сатуға қолайлы жағдай туындаған. Бүгін де Қазақстан экспортқа бағытталған кәсіпорындардың, ең алдымен шағын және орта бизнес өкілдерінің тұрақты дамуы - жұмыс орындарын сақтаудың және ұлттық экономиканың қарқынын жеделдетудің кепілі екенін түсінеді. Сондықтан Сауда және интеграция министрлігі қазақстандық экспортты қолдау мен дамытуға ерекше назар аудармақ. 

«Қазір біз халықаралық саудадағы бұрын-соңды болмаған қиыншылықтардың куәсіміз. Дегенмен, тіпті ең қиын кезеңдерде ешқашан тоқтамаған экспорттық қызмет қазір де тоқтамайды. Біздің өнімдеріміз түрлі елдерде әлі де үлкен сұранысқа ие. Пандемия бәсеңдеп, экономика жаңа леппен жұмыс істейтіні анық! Сондықтан бизнес өзінің тауарларын сыртқы нарыққа жеткізуге дайын болуы керек. Шетел нарықтырында сауданы кеңейтуге бел буған кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатымен біз QAZTRADE экспорттық акселератор бағдарламасын іске қостық. Бағдарламаның мақсаты – экспорттық сауда жасауға мүдделі кәсіпкерлерге қолдау шараларын жинақтайды. Кәсіпорынның және оның өнімдерінің әлеуетін талдаудан бастап, нарықты таңдауға, сатып алушыны табуға, маркетинг науқанын жүргізуге және экспортқа қажетті құжаттарды әзірлеуге жәрдемдесуге дейін қолдау көрсетеді. Жалпы әлеуетті экспорттаушы қызметін толық негізде басынан соғына дейін сүйемелдеу: сатуға деген ниеттен бастап, сатып алушыға партияны жіберуге дейін сүйемелдейді», - деп жазады Бақыт Сұлтанов.

Министр бағдарламаны тамақ өнеркәсібінен бастауға шешім қабылданғанын жеткізді. 

«Әрине, экспорттаушыны қолдай отырып, біз оның өнімдерінің ішкі нарықтағы сұранысын да ескереміз. Мемлекет үшін экспорт қаншалықты маңызды болса да, бірінші міндетіміз - ең алдымен ішкі сұранысты қамтамасыз ету. Осы орайда, тамақ өнеркәсібінде жұмыс істейтін барлық кәсіпкерді export.gov.kz порталына өтінім жіберу арқылы экспорттық бағытта деңгейлерін сынап көруге шақырамын. Маңызды жайт – QAZTRADE акселераторы бизнес өкілдері үшін ақысыз түрде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, барлығыңызды қазақстандық экспорттаушылар үшін бір терезе орталығы - export.gov.kz порталына шақырамын! Мұнда кәсіпкерлердің мемлекеттік ұйымдарда алатын қызмет түрлері (кеңес алу, сақтандыру және т.б.) шоғырланған. Енді порталдың қызметтерін пайдалану және желіде онлайн қызметтерге тапсырыс беру қолжетімді», - деп түйді министр.