21 қаз, 2019 сағат 09:02

"Балабақшада ағылшын тілі оқытылмайды" - министр

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай деп мәлімдеді, – деп хабарлайд «Ұлт ақпарат».

«Мектеп дейінгі білім беру бағдарламасынан ағылшын тілін оқытуды алып тастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, тәрбиешілердің еңбекақысын көтеру ескерілген.

Тағы бір мәселенің бірі – бірыңғай электронды кезектің жоқтығы. Кейде мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік балабақшаға барған балалар кезектен шығарылмай қалады» деді А. Аймағамбетов.

Үкімет сағатында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдардағы бағдарламаның іске асырылуын талқылау болды. Талқылауда министрлік Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде елдегі мектепке дейінгі ұйымдар желісі балабақшалар салу, жеке балабақшалар, шағын орталықтар ашу және басқа да енгізу тәсілдері есебінен 1839 бірлікке, сәйкесінше, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 13,6 пайызға артқанын, барлығы 10 673 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде балабақша - 6 470, шағын орталықтар - 4 203. Контингент 775 164 адамды құрайтынын (2015 ж. – 758 772 адам) анықтап айтты.

Айта кетейік, елдегі мектепке дейінгі ұйымдардың 38,2 пайызы (4082) жеке меншік болып отыр, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 18,1 пайызға (20,1%) артық. Сонымен қатар, Үкімет отырыснда балабақша тәрбиешілерінің еңбек ақысын жоғарылату туралы да сөз болды.