06 қар, 2017 сағат 07:49

Балғынбек Имашев қырғыз ақынына жауап берді (видео)

Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына өлең арнап, екі елдің татулығын жырлаған қырғыз ақынына өлеңмен жауап қатты. 

Жақында қырғыз ақыны Жеңишбек Жумакадыр Атамбаев үшін Елбасыдан кешірім сұрап, қырғыз-қазақтың достығын жырға қосқан болатын. 

Қазақтың бар ғой нарқында, 
Қырғыздың бар ғой салтында. 
Інісі қойса еркелеп, 
Ағасы қояды кешіріп, 
құшағын жайып келсе деп...", - деп жырлаған-ды қырғыз ақыны.

Танымал қазақ ақыны Балғынбек Имашев та бұл жағдайдан сырт қалмай, Жеңишбекке өз жауабын қайтарды.