18 мам, 2020 сағат 08:22

Бейсен Құранбек қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырды - Аида Балаева

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Бейсен Құранбектің отбасына, жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Елімізге белгілі журналист, халқымыздың аяулы ұлы Бейсен Құранбектің қазасы баршамызға ауыр тиді. 

«Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламалары арқылы қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған тележүргізуші, елдің мұңын өз мұңындай көріп, көпке қамқор болған жомарт жүректі азамат бақиға аттанды.

Марқұмның отбасына, жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз», деп жазды Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін белгілі журналист Бейсен Құранбек дүниеден өткені хабарланған еді.