20 мам, 2020 сағат 13:53

Білім министрі ҰБТ қалай өтетінін түсіндірді

2020 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізіледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылам министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық бірыңғай тестілеу белгіленген мерзімде өтеді деп жоспарлануда, яғни маусымның соңы мен шілденің басы аралығында. Қазір дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Алдағы аптаның сейсебісінде өтетін аппарат кеңесінде ҰБТ-ға дайындық тақырыбын талқылаймыз. Әрине, бұл бағытта ҰБТ-ны өткізу кезінде санитарлық талаптар мен санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейтуге айрықша назар аударылады», - деді А.Аймағамбетов онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, арақашықтықты сақтау мақсатында ҰБТ тапсыру кезінде аудиториядағы адамдар саны барынша қысқартылады.

«Маска, респираторлар тағу міндетті болады. Сонымен қатар, аудиторияны желдету жұмыстары іске асырылады. Қазір осы мәселелермен айналысып жатырмыз. Биыл құжат тапсыру толықтай электронды тәртіпте өтті. 131 мың бала құжаттарын тапсырып үлгерді», - деді министр.