#
#
Cәрсенбі 03/06/2020
11:29 Мәжілісте ауылдардың интернетке қолжетімділігін арттыруға бағытталған заң жобасы мақұлданды 11:19 Қасым-Жомарт Тоқаев: Ресей — Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі 11:18 Коронавирус: БҚО-да 1500-ге жуық адам үй оқшаулауында жатыр 11:04 Қазақстанда ешқандай да қос билік жоқ – ҚР Президенті 10:45 Ресей мен Беларусь сияқты Одақтас мемлекеттің құрамына қосылу жоспарымызда жоқ – Тоқаев 10:35 Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Комсомольская правда» газетіне сұхбаты: ЕАЭО келешегі, Байқоңыр болашағы, Қытаймен ынтымақтастық және басқа да мәселелер 10:02 Еуропарламент депутаты Тоқаевтың бір жылдық жұмысына қатысты пікір білдірді 9:57 Қостанай облысында екі шағын аудан бой көтереді 9:54 "Мемориал": Ресейде екі жыл ішінде саяси тұтқындар күрт көбейді 9:45 Түркістан облысында жазғы лагерьлер 15 маусымнан бастап оқушыларды қабылдайды

Біртанов коронавирустан емделіп жатқан пациенттермен кездесті

  • 22.05.2020
  • 0
  • 172

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қаласына жұмыс сапары аясында жаңадан салынған жұқпалы аурулар ауруханасына барып, коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан пациенттердің жағдайын білді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ведомство мәліметінше, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов модульдік кешенде орналасқан «И.С. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» филиалында еңбек етіп жатқан дәрігерлермен жүздесті және науқастардың да жағдайын сұрады.

«Госпитальда жақсы жағдай жасалған, емделудеміз. Медицина қызметкерлері өте мұқият, әрдайым сөзімізді жерге тастамайды және қиын кезде үлкен қолдау көрсетті», - деді Анастасия Захарова (аты-жөні өзгертілді).

Министр де науқастың тез сауығып кетуін тіледі.

Аталған жұқпалы аурулар ауруханасында 280 төсек-орын, 6 клиникалық бөлімше, 28 төсектік реанимация бөлімшесі бар.

Медициналық жабдықтар: рентген жүйесі, компьютерлік томография, ультрадыбыстық диагностика аппараттары, эндоскопиялық жабдықтар, өкпені жасанды желдету аппараттары, мониторлар, перфузорлар және тағы басқалары орнатылған әрі жұмыс істейді.

Елжан Біртанов, әсіресе алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге ерекше көңіл бөлді. Министр әріптестеріне қиын да, жауапты сәтте көрсеткен адал қызметтері үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, ол медицина қызметкерлеріне арналған қосымша төлемдерге қатысты сөз қозғады.

«Маған жалақыдан басқа әлеуметтік төлемдер бөлінді» - деді бас медбике Сайраш Дикимова министрмен әңгіме барысында.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар