27 мам, 2020 сағат 15:02

Биыл «Айбын» жастар жиынына 525 адам қатысады

«Айбын» жастар жиынына 15 адамнан тұратын 30 топ қатысады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Айбын - VI республткалық әскери-патриоттық жастар жиынына арналған брифингіде айтылды.

«Айбын» жастар жиынына 15 адамнан тұратын 30 топ қатысады. Олар: «Жас ұлан» мектебінің, «Арыстан» мамандандырылған лицейінің, облыстық әскери мектеп-интернатының, Қарулы күштер әскери-патриоттық клубтарының, облыстық және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері. Қатысушылардың жалпы саны - 525 адам», - дейді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев. 

Оның айтуынша, онлайн жиынға 14-18 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады.

«Қатысу үшін «Айбын« мобильді қосымшасына тіркеліп, жарыс шарттарын орындауы керек. Марапаттау рәсімі ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында болады. Оған жүлделі орын алған команда капитандары қатысады. Қалған сыйлықтар өңірлерге жеткізіледі», - дейді ол.