05 мам, 2020 сағат 10:25

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында инфляция 3,2 пайыз болды

2020 жылғы қаңтар-сәуірде елімізде инфляция 3,2 пайыз болдыарзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2020 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстан Республикасында инфляция 3,2 пайыз болды. Баға азық-түлік тауарларына осы жылғы 4 айда – 5,5, азық-түлік емес тауарларына – 1,7, ақылы қызметтерге 1,5 пайыз жоғарылады», - делінген ҚР ҰЭМ Статистика комитеті таратқан ақпаратта. 

Жыл басынан бағаның өсуі көкөністерге – 24,9, құмшекерге – 13,6, жемістерге – 12,5, жармаларға – 8,4, сары майға – 6,1, қой етіне – 5,4, макарон өнімдеріне, жылқы етіне, сиыр етіне – 4,9, ет өнімдеріне – 4,8, ұнға – 4,2, мұздатылған балыққа – 4,1, мәйекті ірімшікке – 3,7, пастерленген сүтке – 3,2, шошқа етіне – 2,9, сүзбеге, шұжық өнімдеріне – 2,8, қышқыл сүт өнімдеріне – 2,7, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 2,3, шайға – 1,9, нанға 1,7 пайыз белгіленді. Темекі өнімдері – 4,7, минералды және ас су – 3,4, салқындатылған сусындар 2,3 пайыз қымбаттады. Бағаның төмендеуі күрішке – 2,5, сөкке 1,3 пайыз тіркелді.

Баға өсімі дәрі-дәрмекке – 4, жеке қолданылатын тауарларға, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 3,8, автомобильдерге – 2,6, тұрмыстық аспаптарға 2,2 пайызды құрады. Бензин 4,1 пайыз қымбаттаса, дизель отыны 2,2 пайыз арзандады.

Баға деңгейі құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне – 10, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 2,2, кабельдік телевизия қызметтеріне – 1,9, денсаулық қызметтеріне 1,5 пайыз өсті. Интернет желісіне қосылу үшін абоненттік төлем 2 пайыз жоғарылады. Таксимен жол жүру ақысы 4,2 пайыз қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер қоқыс шығаруға 6,2 пайызға өсті, ал кәрізге – 2,7, суық суға 1,8 пайыз төмендеді.