23 сәу, 2020 сағат 09:56

Блокпостан өту құны 50 мың теңге: Петропавл әкімдігінің қызметкері күдікке ілінді

Петропавл әкімдігінің қызметкері блокпосттан автокөлік өткізгені үшін пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы ондайн брифингіде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Аппарат басшысы Қуаныш Жапақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент Петропавл қаласы әкімдігінің лауазымды адамына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Ол COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу жөніндегі облыс әкімдігі Жедел штабының мүшесі екені анықталды. 

«Аталған адам карантиндік блокпосттар арқылы автокөліктің кедергісіз өтуіне рұқсатнаманы рәсімдегені үшін 50 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Бұл блокпосттар Петропавл қаласынан шығатын жолдарда орнатылған», - деді Қуаныш Жапақов.