16 жел, 2019 сағат 06:06

Бүгін «Томирис» фильмі Qazaqstan ұлттық арнаcынан көрсетіледі

Тәуелсіздік күніне орай «Томирис» фильмі алғаш рет Qazaqstan ұлттық арнаcынан көрсетіледі, – деп хабарлайды  «Қазақфильм» киностудиясы.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні сағат 19:00-де режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмі алғаш рет Qazaqstan Ұлттық телеарнаcынан көрсетіледі. Кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және Sataifilm компаниясы бірлесе түсірген.

Шығармада біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғалар суреттеледі. Кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады. Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының патшасы Кирмен шайқасады.

Естеріңізге сала кетсек, «Томирис» фильмі биыл күзде жалпыұлттық прокатқа шығып, көшбасшылар қатарынан көрінген.