19 мам, 2020 сағат 12:51

Бұрынғы вице-министр Камалжан Надыров коронавирустан емделіп шықты

Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров коронавирустан емделіп шықты. Бұл туралы онлайн баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Камалжан Талғатұлы емделіп шықты. Қазір медициналық сауықтыру шараларымен қамтылды. Оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде», - деді Л. Бюрабекова. 

Осы орайда ол соңғы тексеру нәтижесінде Камалжан Надыровта инфекция анықталмағанын жеткізді. 

Еске сала кетейік, 22 сәуірде Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған Камалжан Надыровтан коронавирус анықталды.