19 мам, 2020 сағат 11:12

Былтыр Қазақстанда 119 млн тонна кен өндірілген

Былтыр Қазақстанда 119 млн тонна кен өндірілген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мыс саласында өндірілген кен көлемі 2019 жылы 119 млн тонна жетті. Ең үлкен өндіру көлемі «KAZ Minerals« кәсіпорындарына тиесілі - 94,7 млн тонна, Қазақмыс корпорациясы - 29,4 млн тонна және Ақтөбе мыс компаниясы - 5,2 млн тонна. Сондай-ақ барлық өндіріген кеннен 477 мың тонна тазартылған мыс өндірілді», делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Балқаш және Жезқазған мыс балқыту зауытында 1 531 мың тонна концентрат өңделді. 

Айта кетерлігі, 2019 жылы 1080 мың тонна мыс концентраты экспортталған.