25 нау, 2020 сағат 14:25

Дәрігерлер коронавирус жұқтырған ақтөбеліктің жағдайын айтты

Коронавирус жұқтырған ақтөбеліктің жағдайы қанағаттанарлық. Ұшақ бортында оның жанында отырған 4 адам инфекцилық ауруханада жатыр, вирус анықталмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеде барлығы 67 адам ауруханадағы карантинде жатыр. Олардың 10-ы инфекциялық ауруханада болса, өзгесі арнайы дайындалған емдеу мекемелерінде.

«Коронавирус жұқтырған науқастың жағдайы бірқалыпты. Оның жанында болған төрт адам инфекциялық ауруханада жатыр. Сонымен қатар ұшақ бортында болған 33 адам екі апта бойы карантинде болады, тағы он күн үйінде бақылаймыз. Облыста 82 адам үй карантинінде. Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан келгендердің де тізімі бар. Дәрігерлердің дайындығы пысықталған. Қазір облыста 120 жасанды тыныс алу аппараты жұмыс істеп тұр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев. 

Айта кетейік, Ақтөбе облысы 4,5 миллион медициналық маскаға тапсырыс берді. Алғашқы бөлігі осы аптада жеткізіліп, әлеуметттік жағынан осал топқа тегін таратылады.